Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетел мемлекет басшыларының пікірі

Шетел мемлекет басшыларының пікірі

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан республикасының президенті
Ең алдымен, уақыт пен тағдыр маған әлемдік деңгейдегі мемлекеттік әрі саяси қайраткер – Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеуге мүмкіндігін сыйлады. Ол – озық ойлы адам. Қашан да тың реформаларға ұмтылады. Ол реформатор. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қандай жетістіктерге жеткенін көруге болады. Ең бастысы, Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық орнап тұр. Реформалар жүріп жатыр. Қазақстанның бүгінгі жетістіктеріне бүкіл әлем куә. Назарбаевпен сөйлескен кезде өзімді жайлы сезінемін. Әрбір кездесуден сабақ аламын. Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ерекшелігі ол өзінің командасына қашан да ерекше назар аударып жүреді. Ал командасы Назарбаетың революциялық идеяларын жүзеге асырады.
01 желтоқсан 2019 ж. 530 0