Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстанда қос билік болмайды": Тоқаев Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

"Қазақстанда қос билік болмайды": Тоқаев Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында Қазақстанда қос биліктің болмайтынын айтты,

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатта қалғанын айтты. Және мемлекет басшысы негізгі стратегиялық мәселелерде онымен кеңесу керек деген пікірде. Президент Назарбаевтан жиі кеңес сұрап тұратынын жасырмайды.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі Қазақстанда қос биліктің болмайтынын, кететінін мәлімдеді. Алайда президентке көмектеседі.  Оның президентке қанша уақыт көмектесетіні өзіне байланысты», - дейді Тоқаев. 
Мемлекет басшысының сөзінше, ол өзінің президенттік қызметке келетінін 3,5 жыл бұрын білген.
«Үш жарым жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев маған «келесі президент болатынымды» айтты. Уақыт мәселесі болды. Біз қолайлы сәтті таңдадық», - дейді президент.
Журналистің өзін президент ретінде сайлайтынына күмәні болған-болмағаны туралы сұраққа жауап берген Тоқаев күмәннің қашанда болатынын айтты. Десе де бұрын премьер-министр, шамамен 10 жыл сенат төрағасы болғанын, сонымен қатар БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысы қызметін атқарғанын еске салды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы өзін Қазақстанда ғана емес, шетелде де танитынын атап өтті.
17 маусым 2019 ж. 988 0