Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Мен Назарбаевтан ақыл сұрауға ұялмаймын

Тоқаев: Мен Назарбаевтан ақыл сұрауға ұялмаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты.

Ресейлік арнаға берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан президенті болу қиын емес пе? Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаев секілді көшбасшыдан соң қиындық тудырмай ма?" деген сұраққа жауап берді. 
"Қиын, бірақ бастысы - жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғанын түсінесің. Бұл - ең бастысы. Мұндайда мен Нұрсұлтан Әбішұлымен ақылдаса аламын. Одан кеңес сұрауға ұялмаймын. Қазақтықтың төркіні сонда жатыр деп ойлаймын", - деді Тоқаев. 
Айта кетейік, елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 7 кандидат таласады.
http://stan.kz
03 маусым 2019 ж. 836 0