Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясына ұсынған құжаттары талапқа сәйкес келеді
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ресми тіркелген алғашқы кандидат болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина отырыста Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына 23 сәуірде түскенін хабарлады, сол күні ол мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға 315 мың қол жиналды. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі талаптарға сай келеді", -  деп мәлімдеді Мұстафина.
Отырыс қатысушылары Тоқаевты тіркеу туралы отырыс хаттамасын қолдады.
Кандидат Тоқаевтың куәлігін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алды.
Қазақстанды 30 жылға тарта уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызында өкілеттігін тоқтатты. Осы жағдайдан кейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болды.    
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
https://sputniknews.kz
03 мамыр 2019 ж. 1 222 0