Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Қазақстандық әріптесін құттықтай отырып, Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер
Әңгіме барысында қос елдің президенттері алдағы уақытта өтетін кездесулер туралы уағдаласты. Оның ішінде, мамыр айы соңында Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында кездесу жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа толды. Бұл күнді ол алғаш рет мемлекет басшысы әрі президенттікке кандидат ретінде атап өтіп жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986), ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен.