ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНАН ӨТУ МҮМКІНДІКТЕРІ АРТПАҚ

Қазақстан Елшілігінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің 2017 жылдың 25-26 желтоқсанында Астанаға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау аясында екі ел шекарасын қорғау және шекара инфрақұрылымын жақсарту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Сартөбе», «Ауқатты» өткізу пункттерінің жұмысын жетілдіру, «Қарасу» өткізу-бақылау пункті көпірін жаңғырту, жазғы туристік маусымда шекара өткелдерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғызстандық учаскесіндегі өткізу пунктерімен танысу туралы келісімге қол жеткізілді», - делінген Қазақстан Елшілігі таратқан хабарламада.
Кездесу соңында тараптар мұнан ары да жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін атап айтты.