Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иманғали Тасмағамбетовтың анасы қайтыс болды

Иманғали Тасмағамбетовтың анасы қайтыс болды

Қазақстандық шенеунік Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Қоқанова қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайты хабарлады.  Елшілік сайтының жазуынша, Тасмағамбетовтың анасы 89 жаста болған. Иманғали Тасмағамбетов осы жылдың 9 желтоқсанында зейнет жасы, 63-ке толған. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері жоғары биліктегі лауазымды қызметтерді атқарды. Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен үш рет премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған, бір рет Қазақстанның премьер-министрі болды. Сонымен қатар Тасмағанбетов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын, Атырау облысын басқарған. Президент әкімшілігінде басшы болып, мемлекеттік хатшы қызметін де атқарған. Екі жыл қорғаныс министрлігін басқарған. 2017 жылдан бері елшілік қызметте болды. Осы жылдың 18 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарылығымен елдің Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қызметінен бостылған. Ақорданың ресми сайтына шыққан Тоқаевтың жарлығында Тасмағамбетовтың зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылғаны айтылды.  

 Мият Шәдібай

© qamshy.kz
22 желтоқсан 2019 ж. 1 139 0