Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Игор Крутой жолдаған эстафетаны Иманғали Тасмағамбетов жалғастырды

Игор Крутой жолдаған эстафетаны Иманғали Тасмағамбетов жалғастырды

Иманғали Тасмағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының қарсаңында бастау алған эстафетаны Игор Крутойдан қабылдап, 6-шы қара сөзді жатқа оқыды, деп  хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасында ұлы ойшылдың қара сөзін оқып желі қолданушыларын сүйсіндірді.

Елшіліктің Facebook парақшасында жүктелген видеода Иманғали Тасмағамбетов бұл эстафетаны қара сөзбен жалғауды жөн көргенін айтады.
 
«Мен поэзия эстафетасын досым Игорь Крутой мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам», - деген елші, осы эстфетаны жан досы, мәдениет тарланы Досқан Жолжақсыновқа жолдайтынын айтты.
stan.kz
13 шілде 2019 ж. 960 0