Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заңда педагогтардың кәсіби біліктілігіне қарай жалақысы артады

Жаңа заңда педагогтардың кәсіби біліктілігіне қарай жалақысы артады

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова журналистерге брифинг ұйымдастырды деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Брифингте жаңадан қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заңда көзделген негізгі міндеттер мен педагогтарға берілетін айрықша мүмкіндіктер туралы айтылды.
Бұдан былай магистр дәрежесі бар мұғалімдер үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған. Сондай-ақ, білім беру ұйымына алғаш рет келген жас мұғалімге Тәлімгер бекітіліп, әрбір тәлімгерге 17 697 теңгені қаржы қаралады.
Дәптер тексергені және сынып жетекшілігі үшін де үстеме қаржы көзделіп отыр. Бұған дейін сынып жетекшілікке 4424-5309 теңге аралығында төленсе, 3533-4424 теңге аралығында дәптер тексеруге төленген болатын. Ендігі төлем екі есе артпақ.
Брифингте басқарма басшысы педагогтың кәсіби қызметіне кедергі келтірген, Заңды бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершіліктер көзделгенін атап өтті.
Кездесуде Майра Тұрғанбайқызы журналистердің сауалдарына жауап беріп, нақты түсіндірме жүргізді.
13 қаңтар 2020 ж. 757 0