Қызылордадағы жастар орталығының директоры Мемлекет басшысына қайырымдылық жобасын таныстырды

"Birgemiz" фронт-офисі "ЭКСПО" аумағындағы ArtHUB павильонында орналасқан.
Бұл – консультациялық, әдістемелік білім беретін, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметкерлері Қазақстан бойынша волонтерлардың жобаларын үйлестіреді.
Еліміздің ең үздік еріктілерінің басын қосқан бұл шарада Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа "Жеңіс" республикалық қайырымдылық жобасы мен бұл бағытта Қызылорда қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
Әлеуметтік осал топтар, ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бағытталған бұл жоба Қызылорда қаласы аумағында 4 жыл көлемінде тұрақты жұмысын жүргізіп, 100-ге жуық ардагерге тікелей көмегін көрсетуде.
