Аралда Фронт-офис ақпараттық орталығы ашылды

Еңселі ғимараттың кіре берісінен орын алған бұл орталыққа зат қоятын арнайы орындар мен полиция жұмысына байланысты ақпараттармен қамтамасыз етіп тұратын теледидар оранатылған. Ал, ең маңыздысы бірінші кірген азаматтарды бұрынғыдай қамалдай сезілетін темір тор мен қару асынған қызметкер емес жай ғана арнайы құрылғы қарсы алып, бір сигнал арқылы тексеруден өткізеді. Бұл қазіргі таңда еліміздегі оңтайлы жүйелердің бірі. Бұдан былай аудандағы Полиция бөлімі ғимаратындағы бұл ақпараттық орталық әрбір азаматқа жайлы қызмет көрсететін болады.
А.Бисенов.