Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық үздік кәсіпкер 1 млн. теңге сыйақы алды

Аралдық үздік кәсіпкер 1 млн. теңге сыйақы алды

Арал ауданы елімізде кәсіпкерлік жасауға қолайлы аудандар арасында жетінші орынға тұрақтағанын бұдан бұрын да айтқан едік. Бүгінде осы сала бойынша өз ісін бастап жеңіл өнеркәсіпті дамытуды қолға алған Сәрсембаева Патима Жақсылыққызы -  жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2018 жылдың қорытындысымен 1 млн. теңге сыйақымен марапатталып отыр. Кәсіпкеге тиісті кәсіпкерлік нысан 2018 жылы ашылған. Бүгінде өз кәсібін алға жылжытуда табанды еңбек етіп жатқан П.Сәрсембаева ерлер мен әйелдер және балалар киімдерін тігумен айналысады. 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 
"Толқын" ақпарат.
08 ақпан 2019 ж. 938 0