Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыртқа қабығының пайдасы

Жұмыртқа қабығының пайдасы

massaget.kz Балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдің жетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальций алмасудың бұзылуы мен қанның аздығына, тез салқын тиюге, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді. Әйелдерде түсік тастағыштық, толғақ кезіндегі әлсіздікке, жатыр бұлшықеттерінің әлсіз болуына да кальцийдің аздығы себеп. Ал, ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қиындау мәселе. Хлорлы кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңуі өте қиын. Тауық жұмыртқасының (бөдене) қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады да (көмірқышқылдық кальций) оңай қорытылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады. Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы. Ал олар ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түсуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациялық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі. Тамаққа қосылған ұнтақталған жұмыртқа қабығының ағзаға пайдасы зор және бактериялық немесе басқа  да зиянды тұстары жоқ. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының тауық пен бөдене секілдікіндей қасиеті жоқ. Жұмыртқа қабығын 1 жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай.
Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді: — профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде); — 1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды; — (19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ; Жұмырқа қабығы ағзадағы радионуклидтерді шығаруға үлкен септігін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орсан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронцийды жойып отырады. Күніне 2 ден 6 граммға дейін қолданылуы керек. Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минутай қайнатылады. 1,5 нан 3 грамдайын жақсылап майдалап, (кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде 1 рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылдау қажет (каша, қатық). 
11 наурыз 2020 ж. 645 0