Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысымды түсіруге көмектесетін 10 азық-түлік

Қысымды түсіруге көмектесетін 10 азық-түлік

 massaget.kz Гипертония (жоғары қан қысымы)  – қан тамырлары мен жүрек жұмысына қауіп төндіретін қауіпті ауру. Гипертония кезінде дәрігер жазып берген дәрілерді ғана ішіп қоймай, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Егер соңғы кездері қысымыңыз нормадан асып жүрсе, дастарқаныңызда мына тағамдар болуы керек.
Піскен картоп
Картоп магний мен калийге бай. Бұл екі элемент гипертония кезіндегі терапияның маңызды құрауыштары болып келеді. Калийге бай диета ағзадағы қысымды көтеретін артық натрийді шығаруға көмектеседі, ал магний дұрыс қанағыммен қамтамасыз етеді.
Сүт және сүтті өнімдер
Бір стақан сүт құрамындағы кальций мен D дәрумені арқасында қысымды 3-10%-ға түсіруге көмектеседі. Сүт өнімдерін уақытылы жеу жүрек ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді.
Жүрекке арналған калий диетасы
Жұмыртқа
Бұрын тамаққа жұмыртқаны жиі қолдану жүрекке қауіпті деп саналатын. Бірақ соңғы зерттеулер жұмыртқаның ағы қан қысымын түсіруге көмектесетінін дәлелдеп отыр.
Брокколи
Бұл пайдалы көкөністің құрамында магний, кальций және калий мөлшері мол. Аталған компонеттер қысымды түсіретін минералдар екенін білеміз. Рационға брокколи қосу арқылы инсульт, гипертония және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтуға болады. Брокколиде артерия зақымдалуының алдын алатын қосылыстар көп.
Қызылша шырыны
Күніне бір стақан қызылша шырынын ішу қан қысымы деңгейін азайтады. Мұндай нәтиже натрийдің қан тамырларын кеңейтетін және қан айналымына көмектесетін азот газына айналуы есебінен болады.

20 қараша 2019 ж. 1 014 0