Жүрекке арналған калий диетасы

Үшінші кезең Үшінші кезең 2-3 күнге созылады. Күнде мәзір бірдей болады. Таңғы асқа кепкен жемістері бар 200 г тары ботқасын жеп, 1 кесе шай ішіңіз. 1-2 сағаттан кейін 200 г картоп пюресі мен 0,5 стақан сәбіз немесе орамжапырақ шырынын ішуге болады. Түскі ас мәзірі 150 г көкөністер қосылған қой еті сорпасын, 150 г сәбіз котлетін және 1 стақан кепкен жемістер компотынан тұрады. Бестік шайдың уақытыда 0,5 стақан итмұрын қайнатпасын ішіңіз. Кешкі аста 50 г қайнатылған балық, 200 г қайнатылған картоп және 1 стақан шай ішуге болады. Ұйықтар алдында жеміс шырынын ішіңіз. Жемістердің ішінде алманы таңдаған жөн, себебі оның құрамында калий көп мөлшерде бар. Төртінші кезең Төртінші кезең де 2-3 күнге созылады. Күнде тамақтану мәзірі бірдей болады. Таңғы ас сүтке пісірілген 200 г қарақұмық ботқасынан, 150 г көкөністер салатынан және 1 кесе шайдан тұрады. 1-2 сағаттан соң шамамен 100 г өрік-мейіз және 0,5 стақан көкөніс (сәбіз, орамжапырақ) шырынын ішуге болады. Түскі ас мәзірі вегетариандық картоп сорпасынан, қайнатылған ет қосылған 200 г палаудан және 1 стақан кепкен жемітер компотынан тұрады. Бестік шай уақытында бұқтырылған алма жеуге болады. Кешкі асқа 200 г картоп котлетін, 50 г қайнатылған майсыз ет және 1 кесе шай дайындаңыз. Ұйықтар алдында жеміс шырынын ішіңіз. Жүрек-қан тамырлар денсаулығын пайдалы тағамдар жеу, физикалық жаттығулар жасау және күйзелісті жағдайларға берілмеу арқылы үнемі ұстап тұру қажет. Жоғарыда айтылған диетаны ұстай алмасаңыз, оның ішіндегі пайдалы тағамдарды өз тамақтану үлесіңізге қосуға тырысыңыз. Мысалы: сәбіз бен алма шырыны, суға қайнатылған картоп, көкөністі сорпалар.