Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы колледждер мен ЖОО қашықтан оқытуды бастады

Қызылорда облысындағы колледждер мен ЖОО қашықтан оқытуды бастады

Коронавирус індетінен сақтану мақсатында бүгіннен бастап Қызылорда облысындағы колледждер мен жоғары оқу орындары қашықтан оқытуды бастады. Ал штаттық режимде жұмыс істеп тұрған балабақшаларда арнайы оқшаулау бөлмелері ашылуда. Нұрлан Жақыпбеков, тілші: - Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 30 колледж бар. Оның 17-сі мемлекеттік, 13-і жеке колледждер. Білім беру ұйымдарында қазірде 20365 студент білім алады. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 4 мыңнан астам студент күндізгі бөлімде оқиды. Олар бүгіннен бастап бірыңғай ақпараттық база бойынша білім алуды жалғастырмақ. Бүгінде бұл тұрғыдағы мәселелер толық шешімін тауып, студенттерге логин, парольдары беріліп, жүйеге қосылуға толық мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ электронды пошта мен мобильді қошымшалардың да көмегіне жүгінеді. Ал мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істейтіні белгілі. Дегенмен, балабақшаға келген әрбір баланың қызуы күнделікті таңертең өлшеніп, денсаулығы зерделенетін болады. Қандайда бір ауру белгілері байқалған кезде бөбекжайларда арнайы оқшаулау бөлмелер де дайындалған. Тазалық, залалсыздандыру жұмыстары жиі жүргізіледі. Оған қажетті ертінділердің 10 айға жеткілікті қоры әзірленбек. Ал қоғамдық автобустар әр рейс сайын дезинфекциялануда. Мұндай шаралар түрлі қоғамдық орындарда қарқын алды. Қазіргі таңда облыстық тұрақтандыру қорында 1219 тоннадан астам өнім бар. «Аймақта азық-түліктен тапшылық болмайды», - дейді мамандар. Ол үшін тағы 3500 тонна өнім сатып алынбақ екен. Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Тек 1«б» категориясына жататын елдерден келген 3 адамның біреуі жұқпалы аурулар ауруханасында бақылауда, екеуі үй жағдайында карантинге алынған. Бүгінге дейін өңірде коронавирус жұқтыру дерегі анықталған жоқ. Облыс орталығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында 245 төсек орын болса, облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясында 100 төсек орынға арналған провизорлық стационар ашылды.
https://24.kz/kz/
16 наурыз 2020 ж. 611 0