Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дуалды оқытуды кеңейту бойынша жұмысты күшейту керек – Мамин

Дуалды оқытуды кеңейту бойынша жұмысты күшейту керек – Мамин

Дуалды оқытуды енгізу мен кеңейту бойынша жұмысты күшейту керек деген премьер-министр Асқар Мамин бүгінгі үкімет отырысында колледждерді сенімділік басқаруға дайын университеттер мен компаниялардың санын айтты.

«Бүгін білім министрі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізді. Оларды қолдаймыз. Осы жүйені жаңғыртуда әлеуметтік-экономикалық факторларды, сонымен қатар аумақтық қолжетімділікті, оқыту мекемелерінің көпбейінділігі мен тиімділігін, түлектердің сұранысқа ие болуын ескеру керек. Сондықтан, біріншіден, бұл мәселеге бизнес пен жоғары оқу орындары қызығушылық танытуда», - деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жобалық кеңсе құруды тапсырып, елдегі компаниялардың өз сенімділік басқаруына шамамен 150 колледжді алуды жоспарлағанын, университеттер шамамен 50 колледжді алуға дайын екенін атап өтті.

«Біз осы бастамаларды қолдап, әріптестіктің нақты шарттарын әзірлеуіміз керек. Білім және ғылым министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жобалық кеңсе құруды тапсырамын. Екіншіден, дуалды оқытуды енгізу мен кеңейту бойынша жұмысты күшейту керек. Кәсіпорындар колледждер базасында орталықтар ашулары қажет. Бұл колледждер жұмысын жұмыс берушінің сапасына жақындатып, түлектердің жұмысқа орналасуына кепілдік бола алады. Осындай орталықтардың колледждердің базасында құрудың табысты тәжірибесі бар. Қазіргі таңда экономика және энергетиканың көшбасшы компаниялары өз сенімділік басқаруына шамамен 150 колледжді алуды жоспарлап отырса, университеттер шамамен 50 колледжді алуға дайын», - деді ол.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Еңбек министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдарға жылдың соңына дейін 480 кәсіптік стандартты әзірлеуді аяқтауды, кәсіби біліктілік процесін заманауи реттеу бойынша ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова дуалды оқыту жүйесін кеңейтумен қатар сатып алу құқынсыз колледждерді сенімді басқаруға беруді дамытқан жөн екенін айтқан болатын.
https://baq.kz
28 мамыр 2019 ж. 650 0