А.Мамин: Көп балалы отбасыларға пәтерлер 1 мамырдан бастап бөлінеді

Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.
«Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын іске асыру аясында 5 жылдың ішінде жыл сайын 6 мыңға жуық көпбалалы отбасы үймен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап пәтер бөлуді бастаймыз», -деді ол.
Сонымен Премьер-министр Елбасының тапсырмасына сәйкес мұқтаж отбасыларға тұрғын үй несиелері Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі жүйесі арқылы берілетіндігін айтты. «Екі жылда 22,5 мың отбасы жеңілдікпен несие алады», — деді Үкімет басшысы.