Енді қандай отбасылар тұрғын үй несиесін 2-3 пайызбен ала алады?

Партия делегаттары Мемлекет басшысының 20 жылға беріліп жатқан бағасын мұқият тыңдап отыр. Жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде мына төрт мәселе қаралады:
- Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау;
- Партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- Саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту.
- Сьезд жұмысы сағат 14.00-де аяқталады.
"Баспанамен қамту мәселесі де маңызды. Үкіметке "Нұрлы жер" арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырамын. Ол аренда жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшін 7 жыл бойы жыл сайын 50 млрд теңге бөлінеді. Көп балалы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін ТҚЖБ арқылы 2-3 пайызбен беруді тапсырамын. Ол үшін ТҚЖБға қосымша қаржы керек", - деді Елбасы отырыс барысында.
www.qamshy.kz