Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Тоқаев азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді.

Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы қазіргі ахуал және коронавирустың таралуына қарсы карантин енгізілуіне байланысты қабылданған шаралар жайында есеп берді.
Президент қала тұрғындарын ең қажетті тауарлармен және азық-түлікпен толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.  
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдарға қатысты туындаған мәселелерді тез арада шешіп, тиісті көмек көрсету керектігін айтты.  
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируске қарсы күрестің маңыздылығын айта келе, қала тіршілігіндегі басқа да өзекті мәселелерді күн тәртібінен түсірмеуді, атап айтқанда, су тасқынын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.  
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының карантин енгізу жағдайына әзірлігі, қосымша дайындалған төсек-орындар саны, коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске қажетті барлық ресурстар мен құралдарды жұмылдыру туралы баяндады. 
Мемлекет басшысы еліміздің ірі мегаполисін азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қатаң бақылауда ұстауда тапсырды.  
Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевқа Алматы облысының әкімімен бірлесіп Алматы қаласында жұмыс істейтін өңір тұрғындарының мегаполиске қатынау мәселелерін пысықтау қажеттігін айтты.
https://baq.kz/
19 наурыз 2020 ж. 624 0