Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 70 мыңға жуық кәсіпкер салықтан босатылады

Қазақстанда 70 мыңға жуық кәсіпкер салықтан босатылады

70 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер жыл соңына дейін 10% жеке табыс салығын төлемейді. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үкімет шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін бірқатар салықтық ынталандырулар әзірледі.
"Мүлік салығынан уақытша босату, салық берешегі бойынша өсімпұлды тоқтата тұру . Сондай-ақ, жыл соңына дейін жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлердің 10 пайыздық ЖТС босату ұсынылады", - деді Ералы Тоғжанов.
Салық жеңілдіктері Қазақстанның 70 мыңға жуық кәсіпкерлеріне қатысты болады. Үкімет мүшелерінің пікірінше, бұл шаралар қаржылық жағдайы нашарлаған бизнесмендерді қолдауға мүмкіндік береді.
https://stan.kz/
20 наурыз 2020 ж. 617 0