Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдай кезінде барлар мен мейрамханалар не істейді?

Төтенше жағдай кезінде барлар мен мейрамханалар не істейді?

Ұлттық экономика министрлігі коронавирус салдарынан енгізілген ТЖ режиміне байланысты барлар, мейрамханалар мен басқа да жабық нысандар ақша жоғалтатындықтан, олардың қалай әрекет етуі керек екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Руслан Дәленовтың айтуынша, министрлер кабинеті коронавирус салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты уақытша жабылған кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорттық нысандар үшін арнайы ұсыныс әзірлеген.
Билік оларға салықтық жеңілдік беруді ұсынып отыр. Соның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді бір жылға мүлік салығын төлеуден босату, салық қарызы бойынша үстемақы қосуды бір тоқсанға тоқтата тұрып, салық есептілігі мерзімін үшінші тоқсанға ауыстыру бар.
Министр мемлекет басшысымен келісілгеннен кейін ұсынылған шараларды үкімет жақын арада қабылдайтынына уәде берді.
Алайда БАҚ өкілдері барлар мен мейрамханалар, сондай-ақ басқа да нысандар келтірілген ақшалай шығынды қалай еңсеріп, ғимараттың, қызметкерлердің ақысын қалай төлеуі керек деген сауал қойды.Оған жауап ретінде министр қолданыстағы заңға сәйкес, егер жалақы төленбесе, онда табыс салығы ұсталмайтынын айтты.
Егер жалақы төленсе де, бірақ қолма-қол ақша айырмашылығына байланысты салық міндеттемелерін орындауға мүмкіншілік болмаса, салық қарызы бойынша үстемақы қоспау ұсынылады.
Сонымен қатар, жалпы белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге осы жылы кіріс салығын төлеуден босату ұсынылады. Осының арқасында ақшаны үнемдеп, қаражатты жалақы төлеуге жұмсауға болады.
Одан бөлек, сауда нысандары, театрлар, спорттық және көрме нысандарын да мүліктік салықтан босату ұсынылып отыр.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті.
17 наурыз 2020 ж. 780 0