Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеге дейін Қазақстанға кіріп-шығуға тыйым салынды

1 шілдеге дейін Қазақстанға кіріп-шығуға тыйым салынды

Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режим 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Вирустың таралуына байланысты Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

«Көшіп келушілердің Қазақстанға келуі және ел ішінде болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

«Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

COVID-19: Вирусқа шалдыққандардың саны 293-ке жетті
Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады
COVID-19: Шалдыққандар саны 284-ке жеткенімен, аурудан айыққандар да бар
Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», – деп жазылған Үкімет қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіліп, ресми түрде жарияланды.
aikyn.kz
30 наурыз 2020 ж. 462 0