Төтенше жағдайда үйде болу маңызды

Қауіпті дерттің кең тарауынан өзге шет мемлекеттерде болып жатқан жантүршігерлік жағдайларды күнделікті теледидардан және әлеуметтік желілерден естіп, көріп отырмыз. Сондықтан бұл індетті жеңу үшін қолдан келер шара біреу, ол – үйде болу. Сонда ғана жағдайды ушықтырмаймыз.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті барынша азайту мақсатында сот жүйесінде де қажетті шаралар қабылданған. Қазіргі жағдайда азаматтардың үйден шықпай-ақ, сот органдарына жүгінуіне толық мүмкіндіктері бар.
Өңірдегі сот жұмысының қызметіне тоқталсам, аудандық сот істерді бейнеконференц байланыс арқылы онлайн режимінде «TryeConf» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан қарауды қамтамасыз етуге толықтай дайын. Төтенше жағдай енгізілгелі бері осы тәсілмен аудандық сотта 57 іс қаралған.
Сондай-ақ кез келген тұлға өтініш бере алатын «сот кабинеті» жүйесі жұмыс жасауда. Процессуалдық мерзімдері бар сот істерінің қаралуы неғұрлым кеш мерзімге шегерілді.
Көпшілікті процестік мерзімдерді өткізіп алу мәселесі алаңдатады.
Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудан теріс салдарлар болмайды. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде процестік мерзімдерді өткізіп алу жағдайларына соттар түсіністікпен қарайтын болады. Тиісінше мұндай мерзімдер қолданыстағы заңнама шеңберінде ұзартылады және қалпына келтіріледі.
Сондықтан Сіздерді қауіпті вирустың таралуын болдырмау үшін енгізілген талаптар мен ережелерді бұлжытпай орындауға шақырамын.

Камшат Садуақасова,
Арал аудандық сотының төрағасы
Арал аудандық сотының төрағасы