Облыста COVID-19 вирусының жаңадан 3 жағдайы тіркелді

Қазіргі уақытта, облыс бойынша 119 науқас тіркелді. Жаңадан тіркелген 2 науқас Шиелі ауданынан, 1 науқас Жаңақорған ауданынан. Анықталған науқастардың барлығы да карантиндік бақылауда болған азаматтар.
Айта кетерлігі, облысымызда науқастармен қарым-қатынаста болған 1449 адам анықталса, оның 802 жақын қарым-қатнаста болғандар, 647 -і провизорлық байланыста болған азаматтар.
Облыс бойынша инфекциялық стационарға 119, провизорлық стационарға -57, карантиндік стационарға -556 азамат жатқызылған. Барлығы 731 азамат.
Қазіргі уақытта, облысымызға 1-Б категориясы елдерінен келген 46 адам болса, олар 5 азамат карантинде, 41 замат үй жағдайында бақылауда.
Еске сала кетейік, 1.03.2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды. Аталған карантиннің талаптарын қатаң сақтап, өзге өңірлерден қызылорда облысының аумағына келген азаматтар болса, аймақтық медициналық ұйымдарға хабарлама берулерін сұраймыз.