Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында медицина саласының 375 қызметкері үстемақы алды

Қызылорда облысында медицина саласының 375 қызметкері үстемақы алды

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, 1 тәуекел тобына (20 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 850 мың теңге) жататын инфекциялық стационардағы дәрігерлер – 9, орташа медициналық қызметкер –14, кіші медициналық қызметкер – 12 (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы).
Ал, 2 тәуекел тобына (10 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 425 мың теңге) жататын провизорлық стационардағы дәрігерлер – 24, орташа медициналық қызметкер – 95, кіші медициналық қызметкер – 42 (Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы).
Сондай-ақ, 3 тәуекел тобына (5 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 212,5 мың теңге) жататын карантинды стационардағы дәрігер – 15, орташа медициналық қызметкер – 64, кіші медициналық қызметкер – 72 , жедел жәрдем жүргізушісі – 28 (Қазалы,  Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы).
Үстеме ақы қызметкерлердің наурыз айында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен нақты жұмыс жасаған уақытына сай есептеледі.
13 сәуір 2020 ж. 652 0