Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин қашанға дейін созылады?

Карантин қашанға дейін созылады?

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетовадан тілшілер карантин қашанға дейін созылатынын сұрады.

Қазақстан Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін ұзартқанын білесіздер. Карантин мерзімінің ұзарып-ұзартылмауы көп жағдайда өзімізге байланысты. Карантин шараларын қаншалықты сақтаймыз, өзімізді қалай оқшаулаймыз бәрі осы мәселеге кеп тіреледі - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, карантиндік шаралардың күшейтілген режимін азайту үшін нақты критерийлер белгіленген.
 
Бүгінгі күні алдын-ала критерийлер белгіленді. Бұл карантиннің екінші сатысына өткенде яғни індет жұқтырғандардың өсімі 5% -дан аспағанда қабылданады. Сонымен қатар, бұл тұрақтылық кемі бір апта сақталу керек. Одан кейін кезең өсім 2 %-ға азайғанда қолға алынады. Жеті күн ішінде жағдай жақсарса күшейтілген карантин режимінің шектеулері алына бастайды, - деді бас санитар.
Ал карантинді толық тоқтату үшін елде бірде-бір науқас тіркелмеу керек. 
Егер тұрғындар арасында жаңадан жұқтыратындар тоқтап, жағдай қалыпқа келсе карантиндік іс-шаралардан мүлдем бас тартамыз. Сол кезде біз күнделікті өмірімізге қайта ораламыз, - деді ол.
18 сәуір 2020 ж. 714 0