Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге: Қазақстанда мұндай көмекті кім және қалай алады?

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге: Қазақстанда мұндай көмекті кім және қалай алады?

Коммуналдық қызметтерге 15 мың теңге кімге өтелетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісім-шарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі. 
Осылайша, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.
Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:
Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.    
Әкімдік тұтынушылардан өтінімдерді қабылдау және олардың растығын тексеруді дұрыстап ұйымдастыруы тиіс.  
18 сәуір 2020 ж. 630 0