Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның барлық аймақтарында коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеді

Қазақстанның барлық аймақтарында коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеді

Төтенше жағдай кезінде су, электр энергиясы мен жылу бағасы орта есеппен 7% төмендеді. Коммуналдық қызметтерге тарифтер Қазақстанның барлық аймақтарында төмендетілді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Осылайша, қазақстандықтар суды тұтынғаны үшін шамамен 7,5% аз төлейді. Карантин кезеңінде жылу үшін төлемдер шамамен 7% арзан болады. Ал электр энергиясының құны 4 пайызға төмендеді.
Өзгертілген тарифтердің арқасында ел тұрғындары коммуналдық шығындардан шамамен 950 миллион теңгені үнемдеуге мүмкіндік алады. Бұл бір айдың ішінде.
 

13 сәуір 2020 ж. 457 0