Қызылордада биыл коммуналдық тарифтер өзгереді
Биыл облыста реттелетін коммуналдық қызмет тарифтерінің бағасы өзгереді. Яғни, энергиямен, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру қызметтерінің тарифтері деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова мәлімдеді.
«Тұрғындар үшін 2020 жылдың 1 наурызынан бастап сумен жабдықтау қызметі 3,6 пайызға төмендейді. Ал сарқынды суды бұру тарифі 9 пайызға азайып,энергиямен жабдықтау қызметінің бағасы да өзгереді. Қазіргі таңда қала және аудандағы электр энергиясын тарататын мекемелерге тарифтің өсетіні туралы хабардар етілді»,- деді Гүлмира Сейтбекқызы.
Мұнан өзге, департамент 55 реттелетін қызмет түрі бойынша 32 табиғи монополия субьектілерінің қызметін реттейді.










