Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтарға жылудан 80 миллион теңге қайтарылады

Қызылордалықтарға жылудан 80 миллион теңге қайтарылады

Заңға сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

Осы талаптарға негізделген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қазгидромет» РМК-ның деректерін ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің есептеріне сараптама жүргізді.
«Сараптама нәтижелері бойынша 2018-2019 жылу беру кезеңінде жылу есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға тікелей қайтарылатын сомасы ҚҚС-мен 80,6 млн теңгені құрады. «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ны бойынша 78,1 млн теңге немесе орташа 1 шаршы метрге ҚҚС-мен 50,07 теңге» делінген хабарламада.
https://baq.kz
25 маусым 2019 ж. 821 0