Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда су қымбаттайды

Қазақстанда су қымбаттайды

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі тарифтері ұлғайып келеді. Осы жылдың ақпан айында ыстық су айына 1,6% -ға, ал жылына 9,3% -ға қымбаттаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы қалалар бойынша ыстық су Алматыда қымбатырақ болып тұр: судың текше метрі – 515,7 теңге.
Суық су бағасы бір айда 1,3%-ға, ал жылына 3,3%-ға артқан. Атырауда суық су бағасы басқа қалаларға қарағанда қымбатырақ болып тұр: бір текше метрі үшін – 113,5 теңге.
Кәріз жүйесі қызметінің құны айына 1,4%-ға, ал жылына 2,5%-ға ұлғайған. Қарағандыда кәріз жүйесі қызметі басқа қалаларға қарағанда көбірек: 96,4 теңге.
Баға алдағы уақытта да қымбаттайды деп күтілуде. Сәуір айынан бастап Қостанай облысы жаңа тарифтер бойынша төлей бастайды. Ол жақта жеке тұлғалар үшін баға 11% қымбаттаса, заңды тұлғалар үшін 26% қымбаттайды. «Қостанай су» компаниясы судың қымбаттауының негізгі себебін электрмен жабдықтау құнының көтеріліп кетуімен байланыстырады. Сондай-ақ, биыл мекеме су станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, суды жаңа технологиямен залалсыздандырмақ.

Baq.kz
02 сәуір 2018 ж. 1 270 0