Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дариға Назарбаева: Бұл – тыныштық пен сабыр айы

Дариға Назарбаева: Бұл – тыныштық пен сабыр айы

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Ораза айының келуімен құттықтаймын!
Бұл – айлардың ұлығы, барша мұсылман қауымын тазаруға бастайтын, сенімін нығайтатын, рухани тұрақтылықты тексеретін уақыт.
Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді. Ораза қиын кезде қуаныш пен бақыт сыйлайды, тыныштық пен сабыр береді, сенімді нығайтады деп үміттенемін.
Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін.
https://baq.kz/
24 сәуір 2020 ж. 450 0