Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жүргізушілерге құжаттарды алып жүрудің қажеті болмайды

Қазақстандық жүргізушілерге құжаттарды алып жүрудің қажеті болмайды

Көлік жүргізушілері тек жеке куәлікпен ғана жүре алады. Полиция көлік иесі туралы барлық басқа ақпаратты планшет арқылы көреді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. 

"Біз автокөлік жүргізушісіне барлық құжаттарды өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ деген норманы енгізгіміз келеді. Жеке куәліктің өзі жеткілікті, өйткені біз оның қандай көлік иесі екенін, сақтандыру полисінің мерзімі аяқталған уақытын, сенімхаттың қанша рет берілгенін, техникалық тексеру және оның қанша айыппұлы бар екенін планшеттен көре аламыз. Неліктен азаматтарға құжаттар толы әмиян алып жүру керек - бір жеке куәлік жеткілікті", - деді Тұрғымбаев мәжілісте.
Сонымен қатар, ол полицияның планшеттері көшедегі бейнекамералармен біріктірілгенін айтты.
"Егер сіз байқасаңыз, көлік нөмірі жоқ көліктер жоқ. Мұны көрген камера кезекші офицерге бірден белгі береді, патруль келеді, машинаны тоқтатады. Оған қоса, нөмірді жабатын торлар жоқ. Себебі бізде ІІМ базасында бәрі тіркелген, егер екінші сигнал сәйкес келмесе, түсі, көлік нөмірі, нөмірге сәйкес келетін көлік бәрі бар, яғни ұрлықтың санын азайттық", - деп түсіндірді министр.
Ол мұндай жүйе Еуропаның бірнеше елінде ғана жұмыс істейтінін атап өтті.
"Бұл ереже тек Қазақстан аумағында жұмыс істейді, ал басқа мемлекеттің аумағына өткен кезде, әрине, барлық жеке құжаттар болуы керек", - деп толықтырды министр.
20 мамыр 2020 ж. 530 0