Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:
– сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады
-қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі
– қоғамдық көлік жұмысы шектеледі
– қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады
– фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады
– 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:
– қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау.

18 маусым 2020 ж. 491 0