ФИФА коронавирусқа қарсы күресуге қомақты қаржы бөледі
Kyzylorda-news.kz. ФИФА кезекті бір отырысында ұлттық федерацияларға қаржылай көмек бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұйымның сайтында хабарланғандай, коронавирус пандемиясынан келген шығындарды жабуға гранттар мен пайызсыз несиелер бөлінеді. Айта кетейік, ФИФА барлығы 1,5 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаражат ұйымның резервінен алынады.