Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы тәулікте симптомды 19, симптомсыз 30 жағдай тіркелді

Соңғы тәулікте симптомды 19, симптомсыз 30 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 653, ал симптомсыз- 488 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 636-ға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.«Жаңа симптомды 19 жағдай тіркелді. Оның 15-і скринингтен болса, 3-еуі ақылы сынама тапсыры анықталған, 1-еуі қарым-қатынас арқылы жұққан. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 30 дерегі анықталды. Оның 12-і скринингтен, 15-і ақылы тест сынамасын тапсырғаннан, 3-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан анықталды»,- деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 7251 азамат анықталды. Оның ішінде, 4780-і тікелей қарым-қатынаста, 2471-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
29 маусым 2020 ж. 499 0