Ардагерлер үшін жәрдемақының жаңа мөлшері
2020 жылғы 6 мамырдаҚазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы (әрі қарай- Заң) қабылданды.
Аталған Заң арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
Заңға сәйкес төмендегі санаттар үшін белгіленген коэффициенттердің өзгеруіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері қайта қаралатын болады:
-1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға-2,13 айлық есептік көрсеткіштен(әрі қарай - АЕК)4,8 АЕК-ке көбейіп, (2778*4,8)=13335 тг, яғни 7418 теңгеге ;
-Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне –74,65АЕК-тен 138,63 АЕК-ке (2778*138,63)=385114 тг, яғни 177736 теңгеге ;
-Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне–9,60 АЕК-тен 138,63 АЕК-ке (2778*138,63)=385114т, яғни 358445теңгеге өседі.
Сонымен қатар,жаңадантөмендегі санаттағы азаматтарға 4,8 АЕК(2778*4,8)=13335 теңге мөлшеріндеарнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындап, төлеу енгізілді:
– Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
– Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
– Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына.
Аталған жәрдемақы оныалу құқығы туындағаннан кейін жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі.
Сондықтан, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет"Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне нысан бойынша өтінішімен қоса қажетті құжаттарды ұсынады.
ЭЦҚ-сы (электронды цифрлық қолтаңба) болған кезде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Лиман Боранбаева,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департамент
басшысының міндетін атқарушы