Қызылордада денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия және ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Цойдың келісімдері бойынша облыс әкімінің өкімімен Пазылов Сәбит Бексейітұлы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Пазылов Сәбит Бексейітұлы 1975 жылы туған. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина, Almaty Management University (бұрынғы Алматы халықаралық бизнес академиясы) университеттерін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталығында клиникалық ординатор ретінде бастаған.
Әр жылдары аталған орталықтың жауапты қызметтерін атқарған.
2009-2015 жылдары №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бас дәрігері, аталған орталықтың бас директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары;
2015-2018 жылдары Қызылорда облыстық медициналық орталығының директоры;
2018-2019 жылдары Алматы қалалық медициналық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігері;
2019 жылдан бастап осы кезге дейін №1 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының «Smart Healt University» ЖШС-нің медициналық директоры қызметін атқарған.