«Сыр медиа» ЖШС қызметкерлері індетке қарсы күрес шараларына 1 млн теңге аударды
Kyzylorda-news.kz. «Сыр медиа» серіктестігінің ұжымы коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақысын аударды.
Сын сәтте «Сыр медиа» серіктестігінің қызметкерлері де сырт қалмауға тырысты. Таяу күні олар біркүндік жалақысын аударып, қатерлі дерттің қармағына ілінген адамның өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлер қауымына қаржылай қолдау көрсетті. Жинақталған сома – 1 млн теңгеге жуық. Бұл қаржыға облыстық медицина орталығы оттегі аппаратына қажетті құралдарды сатып алуда.
Сонымен қатар, екі апта бойы, яғни шілде айынан бастап «Сыр медиа» серіктестігі үш қызметтік көлігін Қызылорда қаласы аумағындағы емханаларға, ауруханаларға кислород баллондарын жеткізуге жұмылдырып келеді.