Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына бір жарым миллиард теңгеден астам үстемеақы бөлінді

Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).
Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.
Қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі