Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады

«Карантиндік типтегі үш медициналық модульдық кешен құрылысына 14,8 миллиард теңге қарастырылған», – деді Шолпанқұлов.
Сонымен қатар, 19,5 миллиард теңге коронавирус жұқтырған және жұқтыруы мүмкін пациенттерді емдеп жатқан медициналық ұйымдарға медициналық қызметті төлеуге жұмсалады.
40,6 миллиард теңге коронавируске күреске тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.
Жалпы, президенттің тапсырмасымен 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге бөлінбек.