Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес

Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес

– Арттағыға сөзің мен ісің қалса,Өлсең де өлмегенмен боласың тең.
 
– Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
 
–Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
 
– Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады иығы да зор.
 
– Пайда ойлама, арды ойла,
Талап қыл артық білуге.
 
– Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.
 
– Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
 
– Әкесі ұрысса балаға, ол да – достық.
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?
 
– Ашқарақтық, өзімшіл, менмендік, мақтаншақтық, күлкішілдік бойды жеңсе, ондай кісі бойына қорлық келтіретін еңбектен де, өсектен де қашық болмайды.
 
– Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
 
– Ақылды адам азғантайды қанағат қылып, бақытты өмір сүреді, ақымаққа бәрін берсең де аз.
 
– Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.
 
– Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.
 
– Ауруды жаратқан Құдай, бірақ ауыртқан Құдай емес.
 
– Балаға ақылын бұрын бермей, ашуын бұрын берген атадан бала үлгі ала алмайды.
 
– Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
 
– Абұйыр атақ – сол жанда, кімді көп жұрт мақтаса.
 
– Осы біздің қазақтың өлген кісінің де жаманы жоқ,
Тірі кісіні жамандаудан аманы жоғы қалай?
 
– Мақтан қума, керек қу, ойсыздарға қосылма.
Керек іс бозбалаға алыптылық, әртүрлі өнер, мінсіз жақсы қылық.
 
– Керенау, кердең, бір керім, жақпайды маған сол жерің,
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп
 
– Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.
 
– Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты жоқ.
Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.
 
– Көп айтса болды,  жұрт айтса көнді, әдеті надан адамның.
 
– Пайғамбардай жігіттер бар, мінерге есегі жоқ,
– Есектей жігіттер бар, малының есебі жоқ.
 
– Егер ісіңнен нәтиже көргің келсе, әр уақытта өзіңнен өзің есеп алып отыр.
 
Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.
 
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді.
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
 
Досыңа достық – қарыз іс.
Дұшпаныңа әділ бол.
Асығыс түбі – өкініш,
Ойланып алмақ –сабыр сол.
 
Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ.
Адамда ми болмас.
 
Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң,
Жүгенсіз жүре бермек – сенің ырзаң.
Сенен күшті кісілер не деп жатыр.
Заманыңның тарлығы ойла, мырзам!
 
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегіңде болсын сөз.
 
Ақылмен ойлап білген сөз–
Бойына жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз–
Бар тамырды қуалар.
 
Әзірлеген Үргенішбай Қуат
11 тамыз 2020 ж. 991 0