Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанда күн жылынады

Елімізде температураның біртіндеп көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сәлтеме жасап.

Синоптиктер 2020 жылғы 25-27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында тұрақты темперетура байқалмайды. Кейбір аймақтарда жаңбыр, бұршақ жауса, екінші бір жерде күн ыстық болмақ.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де биік циклонның ықпалында болады, онымен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, көптеген өңірлерде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, онда күндізгі температураның 20-25-ке дейін, кей жерлерде 28-ге дейін төмендеуі болжанады", - дейді Қазгидромет.
24 тамыз 2020 ж. 378 0