Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бюджет қаржысы тиімді игерілуде

Қызылордада бюджет қаржысы тиімді игерілуде

Биыл Қызылорда облысы бюджетінің қаржысы 99,6 пайызға игерілді.
Ал бюджеттің қалған бөлігі жыл соңына дейін игерілетін болады. Қызылорда облысы қаржы игеру көрсеткіші бойынша үздік бестікке кірді. Бұл көрсеткіш қаржыны толық игеру шаралары ойдағыдай жүргізіліп жатқанын білдіреді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.
«Жыл сайын бюджеттен түрлі бағдарламаларға қаржы бөлінеді. Әрине, оның бәрі халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталғаны белгілі. Яғни биыл бағдарлама бойынша игерілген қаржы 99,8 пайызды құрап, бөлінген бюджеттің тиімді игеріліп жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін түсімдердің қорытынды есебі бойынша қаржының игерілуі 240,5 пайызға артық орындалды», – деді Ғабит Жаңабаев.
https://kyzylorda-news.kz/​​​
27 тамыз 2020 ж. 617 0