Илья Ильин Қазақстан спортшылар одағының филиалына басшылық ететін болды

«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Мен Қазақстан спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым… Туған өңірімде спортты дамыту бойынша үлкен жоспарларым бар. Өз алдыма үлкен мақсаттар қойып отырмын және оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!», – деп жазды И.Ильин Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ спортшы аталмыш филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелгенін мәлім етті.
Айта кетейік, бүгінде Илья Ильин Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры.