Қазақстанда темекі қымбаттайды

Телеарна мәліметінше, жаңа таңбалау жүйесіне байланысты темекі өнімдері алты пайызға қымбаттайды. Егер қазір бір қорап темекі орташа есеппен 440 теңге болса, 1 қазаннан бастап 470 теңге болады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері цифрлық таңбалау тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ контрафактінің қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге, тағы жарты жылдан кейін - 520 теңге болады. Ал 2023 жылға қарай оны 600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл таңбалаумен емес, акциздік ставканың өсуімен байланысты дейді.