Қазақстандықтар енді темекі мен алкоголь сатып аларда құжаттарын көрсетуге міндетті
Қазақстанда алкоголь мен темекіні сату ережелері өзгерді, енді сатушылар барлық адамдардан, тіпті зейнеткерлерден құжаттарды көрсетуді сұрауға міндетті. Бұл туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа Кодексте айтылған.
Кодексте кәсіпкерлер 110-баптың талаптарымен танысуы тиіс, әйтпесе оларға әкімшілік жауапкершілік төніп тұр. Онда темекі өнімдерін сатушылар барлығынан жеке басын куәландыратын құжаттарды талап етуге міндетті делінген. Бұл темекі шегуге байланысты басқа тауарларға да қатысты.
Осылайша, егер бұрын сатушы сатып алушының белгілі бір жасқа жеткеніне көз жеткізуі керек болса, енді ол әркімнің жеке куәлігін тексеруі керек.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы бір өзгеріс күтілуде. Сөрелерге темекі қораптарын салуға тыйым салынады. Оның орнына темекі өнімдерінің сатылымда бар екендігі туралы тізім ілінеді. Оларды сатып алушы тізіммен танысқаннан кейін ғана көрсетуге болады. Бұл туралы 16-баптың 4-тармағының 110-тармақшасында айтылған.

Сонымен бірге, алкоголь сатушыларға да норма әсер етті. 18-баптың 110-тармағында алкоголь өнімдерін сату кезінде сатушылар жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап ету және егер бұл талап орындалмаса, сатудан бас тарту қажет делінген.«Егер жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаса, темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыру жүйелерін, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатудан бас тартылсын», – делінген Кодексте.
Осылайша, егер бұрын сатушы сатып алушының белгілі бір жасқа жеткеніне көз жеткізуі керек болса, енді ол әркімнің жеке куәлігін тексеруі керек.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы бір өзгеріс күтілуде. Сөрелерге темекі қораптарын салуға тыйым салынады. Оның орнына темекі өнімдерінің сатылымда бар екендігі туралы тізім ілінеді. Оларды сатып алушы тізіммен танысқаннан кейін ғана көрсетуге болады. Бұл туралы 16-баптың 4-тармағының 110-тармақшасында айтылған.
kyzylorda-news.kz«Темекі өнімдері, оның ішінде қыздырылған темекі өнімдері, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы, темекіні қыздыру жүйелері, электрондық тұтыну жүйелері және олар үшін сұйықтықтар туралы ақпарат бөлшек сауданы жүзеге асыру кезінде қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай сатылатын темекі өнімдерінің бағасын көрсете отырып, сатылатын өнімдердің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушылардың назарына жеткізіледі», – делінген Кодексте.