Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстанда темекі өнімдері 21 жастан асқандарға ғана сатылатын болды

Қазақстанда темекі өнімдері 21 жастан асқандарға ғана сатылатын болды

kyzylorda-news.kz ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары темікі өнімдерін 21 жасқа толған тұлғаларға сату туралы бастаманы мақұлдады. 
«Қоғамда және депутаттар арасында шылым шегуге шектеу қою мен оның алдын алу мәселелері өзекті болып отыр. Депутаттар шылым өнімдерін 18 жастан емес, 21 жастан асқан тұлғаларға сату керек деген ұсынысты бір ауыздан қолдады. Алкогольдік өнімдер де 21 жастан асқандаға сатылады», – деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова. 
Бұған қоса заң жобасында темекі өндірушілері мен импортаушылар жыл сайын шылым өнімдеріне зертханалық тәжірибе жүргізіп, оның құрамындағы никотиннің мөлшерін анықтап, құзырлы органдарға хабарлап отыруға міндетті екені айтылыпты.
13 мамыр 2020 ж. 99 0