Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандады заңсыз жасалған 16 мың бөтелке спирттік ішімдік тәркіленді

Қарағандады заңсыз жасалған 16 мың бөтелке спирттік ішімдік тәркіленді

Қарағандыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз жасап, сатылымға шығармақ болмақ азаматты ұстады.

31 мамыр күні облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері лицензиясыз ішімдік жасалған қойманы анықтады. Қоймадан 16 мың бөтелке спирттік өнім мен 2,5 мың дана темекі тәркіленді. Ірі көлемдегі спирттік ішімдіктерді заңсыз тауар айналымына шығарып, пайдаға кенелмек болған азамат ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Кез келген спирттік ішімдіктерді сатылымға шығару үшін арнайы лицензиясы немесе рұқсат беретін құжаттары болу керек. Аталған факті бойынша ешқандай да құжаттар болмады. Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері лицензиясыз және таңбасыз өнімдерді жасау мен сату бойынша заң бұзушылықтардың алдын алуда. Акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымға шығарылуын жою мақсатындағы шаралар үнемі атқарылуды», - дейді Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айдос Қабылтаев.
Оның сөзінше, департамент мамандары 2018 жылы 40 мың бөтелке ішімдік тәркілесе, жыл басынан бері 29 мың бөтелке алкоголь өнімдері мен 3 мың данаға жуық темекі, 27 тонна мұнай өнімдерін тәркілеген. Осылайша салықтан жалтармақ болғандардың жолы кесіліп, жазаға тартылуда.
https://baq.kz
07 маусым 2019 ж. 1 284 0